Көрмені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырды. Іс-шараға Еуропа, Азия, ТМД, АҚШ және Ұлыбританиядан 200-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Көрме бағдарламасы Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің қатысуы, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары арасында меморандумдарға қол қою рәсімі, сондай-ақ шетелдік білім беру мекемелерінің қазақстандық білім беру мекемелерімен кездесулері кірді. Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті де көрмеге қатысып, бакалавриат, магистратура және докторантураға арналған бағдармаларын ұсынды. Шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы пікірталастар өткізілді.