Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Абай Мырзахметов атандағы Көкшетау университеті «Ақпараттық жүйелер және информатика» кафедрасы жанында студенттердің ерікті қоғамдық бірлестігі болып табылатын жаңа «IT CLUB» ашылды

Абай Мырзахметов атандағы Көкшетау университеті «Ақпараттық жүйелер және информатика» кафедрасы жанында студенттердің ерікті қоғамдық бірлестігі болып табылатын жаңа «IT CLUB» ашылды. Клубқа кафедра оқытушысы Д. Амангелді жетекші етіп бекітілді. Мұнда, біздің негізгі мақсатымыз студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарға тарту, әлеуметтік білім беруге бағыттау және IT саласындағы менеджмент және маркетинг қызметтерді жүзеге асыруда көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар әр бір студенттің ақпараттық технологиялар мен стартап-жобалар саласындағы шығармашылық және техникалық даму құқығын іске асыруына мүмкіндік беру.

 Біздің клуб студенттерінің басты міндеттері - бұл жаңа IT технологиялар көмегімен жаңа нәрсені жасауға  деген қызығушылығын арттыру, олардің іздену жолындағы білім денгейін дамытуға бағытталған. Кез келген дағдарыс сәті мүмкіндік жасайды, кез келген күрес бір нәрсені қайта табуға мүмкіндік береді. Біз жасамақ болған барлық іс-әрекеттер өзгелерге және қоғамға әлеуметтік көмек береді деген үміттеміз.