Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Алғыс хат.

2019 жылдың 18-қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы, Көкшетау қаласында орналасқан «Достар» мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті. Мемлекеттік тіл мәртебесін асқақтатар жиынға түрлі мекеме қызметкерлері мен әртүрлі этнос өкілдері қатысты.

Тіл жанашырлары жиналған ортада Көкшетау өңірінің қазіргі тілдік ахуалын көрсететін бейнефильм көрсетілді. Аталған бейнефильмде 2019 жылдың 14-қыркүйегінде А.Мырзахметова атындағы Көкшетау университеті ұйымдастырған «Қазақ тілім – мәңгі жасар байлығым» атты жастар форумынан үзінділер көрсетілді.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова сөз сөйлеп, облыс әкімі Е.Маржықпаев атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыс етті. Алғыс хат алу мәртебесі біздің университетіміздің «Шетел тілі және аударма ісі» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айгерім Рашитқызы Кульжановаға бұйырды. Алғыс хат мәтінінде облыс басшысы марапатталушылардың қазақ тілінің дамуына қосқан үлестеріне баса назар аударып, осы саладағы өнімді еңбектеріне ризашылығын білдірді.

1 (1).jpg1 (2).jpg

А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі.