Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

АМКУ әскери кафедрасында "Ашық есік күні" болды

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасында Көкшетау қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары үшін әскери кафедраға оқуға үміткерлерді іріктеу және "ашық есік күні" бойынша үгіт-насихат жұмысы жүргізілді.
Студенттер мен оқушыларға  арнап  әскери кафедра бастығы,  полковник А. А. Алпысбаев құттықтау сөз сөйледі. Ол тыңдаушыларды әскери кафедраға түсу және оқу ережелерімен таныстырды.
Одан кейін әскери кафедраның профессорлық-оқытушылар  құрамы студенттер оқитын әскери-есептік мамандықтардың тұсаукесерін өткізді.
ӘЕМ презентациясы - «Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды ЖӘЖМ-да жауынгерлік қолдану»    өткізген  әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы подполковник М. М. Асқаров жүргізді.
ӘЕМ презентациясы  - «"Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру" тақырыбында әскери кафедраның аға оқытушысы, запастағы подполковник М. Е. Сыздықов жүргізді.
ӘЕМ презентациясы  – "Өртке қарсы қорғауды ұйымдастыру " атты әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Д. Ж. Берденов өткізді. Студенттер мен оқушыларға АМКУ  әскери кафедрасының өмірі туралы бейнеролик көрсетілді.  Соңында әскери кафедраның инженерлік құрамы таныстыру экскурсиясын, әскери кафедраның қару-жарағы мен әскери техникасының көрмесін өткізді.

image001.jpg

image002.jpg

image003.jpg

image004.jpg

А. Аяғанов,
АМКУ  әскери кафедра
бастығының орынбасары,
запастағы подполковник
.