Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

БІЗ СПОРТ ПЕН ӘЛЕМДІ ҚОЛДАЙМЫЗ!

2020 жылғы 1-ақпан күні "Халықаралық қатынастар" мамандығының студенттері мен «Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушылары арасында  «Еріктілер жылына" арналған волейболдан ІІІ дәстүрлі турнир өтті.

Осы турнирдің ұйымдастырушысы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс»  кафедрасы жанындағы "Дипломат" кәсіби клубы болды.

Нәтижесінде турнир жеңімпазы "2,3,4 курс" құрама командасы болды, екінші орынды "ХҚ, Т және ӘЖ»  кафедрасының ПОҚ командасы алды, 3- орынды 1 курс командасы алды.   

Жеке номинациялар бойынша "ХҚ, Т және ӘЖ»  кафедрасының аға оқытушысы Славецкий Виктор Юрьевич- "Ең нәтижелі", "Жеңіске деген жігері үшін" деген марапатты  оқытушы Каконова Мадина Муратовна, "Ең үздік"  деген атақ  2- курс студенті Муцольгова Эсетке берілді, "Ең үздік либеро" – 3- курс студенті Хайдаров Сомон, "Ең үздік блок қоюшы" – 1- курс студенті Калишева Алина марапатталды.

Командалар құрмет грамоталарымен марапатталды, ал жеңімпаздар ауыспалы кубок алды. Спорттық-тәрбиелік іс-шараның барлық қатысушылары көптеген жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге бөлінді.

 

2.jpg

5.jpg

 

ПК «Дипломат»