Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Болашақ финансисттер арасындағы «БРЕЙН-РИНГ»

 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіңнің ректоры Елюбаев Мади Сагинтаевичтің және Көкшетау қаласындағы «Сбербанк» АҚ филиалының директоры Махмудова Асель Садуовның бастамасы бойынша 2017 жылдың мамырында экономика мамандығы студенттері арасында «Брейн-ринг» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Сайыстың бағыты - «Банк ісі».

Ойынға 4 команда қатысты. Бірінші команда капитан Искоян Ануш пен Д.Доспаев, В. Вакина және Д. Ишкеева сияқты топ мүшелері кіреді. Екінші команда құрамына Н. Ахметова, Н.Жанайдаров, И.Крохмаль кіреді, олар команда капитанның Кирилова Каринаның жетекшілігімен өнер көрсетті. Үшінші команданың қатысушылары А.Темеркулова , Г.Сериков, Т.Майрамов капитан Бугрова Татьянованың басшылығымен ойынға қатысты. Төртінші команда «Қаржы» мамандығының екінші курс студенттерінен құралды, атап айтқанда - капитан Маннапов Алихан, топ мүшпелері Б.Джантлеев, А.Иванова, А. Молжахметов.

Интеллектуалды ойынға құрамдас банкілік операциялардың әртүрлі деңгейлеріндегі мәселелерді қамтыған бірнеше сатыға бөлген тапсырмалар кірді. Барлық командалар өздерінің университетінде алған жақсы білімдерін көрсете білді. Ойынның қортындысы бойынша 1 орынды А. Искоян командасы, 2 орынды К. Киррилованың командасы командасы, 3 орынды Т.Бугрова мен А. Маннапованың командасы иеленді.

«Қаржы» мамандығының студенттері өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Жобалар әртүрлі және қызықты болды. А. Искоян ойын көрермендеріне «Поколение» мейрамханасының жобасын көрсетті, онда әртүрлі жастағы адамдаға арналған атмосфераның түрленуі ұсынылған. «Резина» жобасының авторы Д. Доспаева. Бұл жоба автомобиль шинасын қайта өндеу және оны ары қарай тұрмыста пайдалануға арналған. А.Маннапов «Мобильді кинотеатр» көркем фильмдерді көруге арналған жабық кинотеатр жобасын ұсынды. Т. Бугрова Кокшетау қалалық «Детский сад» жобасын ұсынылды.

Конкурстағы бизнес-жобалар қызықты ахуалға айналды. Конкурстың қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:

1 орын - «Детский сад» жобасы;

2 орын - «Поколение» мейрамханасы;

3 орынД.Доспаеваның «Резина» және «Мобильный кинотеатр» жобасы.

Әділқазылар алқасы құрамына кірді: оқу-әдістемелік жұмысының проректоры - Каримова Ляззат Женистовна, қаржы кафедрасының меңгерушісі – Кулубеков Максат Тулегенович, Кокшетау қаласындағы «Сбербанк» АҚ филиалының директорының орынбасары – Ахметбеков Еркын Серикович және экономика факультетінің деканы Алькенова Марал Мауиевна.

Сайыстың қортындысына байланысты А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен «Сбербанк» АҚ ойынға қатысушыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. 

 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің

баспасөз орталығы.