Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

«Бүгінгі жастар- Қазақстанның болашағы!»

          2018 жылдың 13 қарашасында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Бүгінгі жастар – Қазақстанның болашағы!» тақырыбында конференция өтті.  Бұл шара «Natural Energy» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды, оның негізгі қызметі - жасыл технологияларды дамыту, жастарды дамыту, туризм және қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешу болып табылады. Кездесуге «Kazakhstan innovations» қоғамдық қорының төрайымы Әбішева Мариям Серікқызы, «Гормолзавод» ЖШС директоры  Жақсылықов Асен Дулатұлы,  «Жоламан» көлік компаниясының директоры  - Жоламанов Есенжол Жақсылықұлы, жастар-тынығу орталығының ақпараттық-талдамалық  бөлімінің жетекшісі Бекбауова Гүлзат Жомартқызы және университет студенттері қатысты

         Сұхбат  сындарлы және қызықты өтті.   Студенттер  бизнесті жүргізу барысында туындайтын қаржылық жағдайды жан-жақты талқылады. Шақырылған спикерлердің әрқайсысы бизнеспен айналысу бойынша өздерінің мысалдарын келтіріп, студенттерге өз бизнесін қалай бастағаны туралы әңгімелеп берді. Мәселен, Әсен Дулатұлы әкесі бастаған бизнесті жалғастырып жатқаны туралы, өзінің бизнесін қалай бастағанын, енді көптеген елдердің нарықтарында танымал болған брендін мақтанышпен айта алатынын атап өтті.  

         Мариям Серікқызы  «Kazakhstan innovations» қоғамдық қоры қызметі туралы ақпаратпен бөлісті.  Ол жастарды белсенділікке, кедергілерден қорықпауға шақырды, студенттерге өз бизнесін ашуға және оларға өз тарапынан  көмек ұсынуға дайын екендігін айтты.   

         Басқа баяндамашылардың  Жоламанов Есенжол Жақсылықұлы және Бекбауова Гүлзат Жомартқызының  сөздері жастар үшін ұмытылмас және тартымды болды. Олардың әрқайсысы студенттерге қаланың және облыстың қоғамдық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдары туралы айтып берді. Есенжол Жақсылықұлы студенттерге Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін 2016 жылы аяқтағандығын  және бүгінгі күні көліктік компанияның директоры болып табылатынын, сонымен қатар  жастарға қиындықтардан қорықпауға, алға қойған міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге шақырды. 

         Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, қалалық мәслихаттың  депутаты, заң ғылымдарының докторы Елюбаев Мәди Сағынтайұлына  «Бүгінгі жастар – Қазақстанның болашағы!» атты  конференцияны  ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді.

         Спикерлердің сөйлеген сөздері арасында ұйымдастырушылармен байланыс жасауға, біріктіруге және өздерін жақсы сезіну мақсатында тренингтік ойындар  ойналды.   Университет студенттеріне бұл шара өте ұнады.      

        

5D4L0800.jpg

5D4L0801.jpg

5D4L0806.jpg

5D4L0813.jpg

5D4L0828.jpg

5D4L0832.jpg

5D4L0836.jpg

5D4L0837.jpg

 

 Абай Мырзахметов атындағы

Көкшетау университетінің   ұйымдастырушылық-тәрбие

жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары 

 Абдульманова Динара Каримовна.