Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

География пәні бойынша олимпиада, Көкшетау қаласының мектеп түлектері арасында

14 наурыз 2019 ж. А. Мырзахметов атындағы көкшетау университеті «Есеп және басқару» кафедрасы география пәні бойынша жыл сайынғы аймақтық олимпиадасын өткізеді.  

Олимпиадаға жалпы білім беретін мекемелердің 11 сынып оқушылары шақырылады.

ОЛИМПИАДА МАҚСАТЫ:

1.  Дүниежүзілік және Қазақстанның физикалық, әлеуметтік – экономикалық географиясы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізетін талантты оқушыларды анықтау және қолдау;

2.  Жоғары сынып оқушыларын география бойынша қарқынды шығармашылық қызметке баулу;

3.  Географияға деген қызығушылықты, патриотизм, белсенді өмірлік позициясын тәрбиелеу;

4.  Оқушылардың география пәні бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық дәрежесін анықтау;

5.  «Есеп және аудит», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарына орта мектепті бітірушілерді кәсіби бағыттау.