Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Қазақстандағы ERASMUS+ ұлттық офисі

 

Қазақстанда бағдарламаны үйлестіруді Қазақстандағы  Эразмус + ұлттық офисі жүзеге асырады.  Офис 2005 жылы құрылған болатын.  2014 жылға дейін  Темпус бағдарламасын үйлестірумен айналысқан және Қазақстандағы Темпус бағдарламасының Ұлттық офисі болып табылады.   Ұлттық офистің негізгі міндеттерінің бірі- бағдарламаға қатысу үшін мәселелер бойынша ақпараттық қолдау көрсету мен кеңес беру, серіктестер іздеуде көмек беру, Қазақстандағы білім беруді реформалау бойынша сарапшылардың ұлттық командасының қызметін үйлестіру, сонымен қатар Темпус жобаларының мониторингі болып табылады.

 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша  білім беру, аудиовизуалдық құралдар мен мәдениеті жөніндегі атқарушы агенттікті қолдауымен  жоғары білімді  қалыптастыру бойынша сарапшылардың ұлттық командасы құрылған болатын.   Команданың миссиясы- Болон үрдісін ескере отырып жоғары білім беру жүйесін жаңартуға ықпал  жасау болып табылады. 
Нақты ақпарат алғыңыз келсе сілтемені басыңыз: 

http://www.erasmusplus.kz/index.php/en/