Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

«ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ СУРЕТШІ: КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕН – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА»

2019 жылы 20-22 мамырда Курск мемлекеттік университетінде «Қазіргі әлемдегі суретші: кәсіптік білім беруден – шығармашылыққа» атты ауқымды халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция Ресей іргелі зерттеулер қорының қаржылай қолдауымен КСРО Халық суретшісі А. А. Дейнекидің 120 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында өтті.

Іс - шараға 140-тан астам авторлар, ҚМАСУ-дан 17-сі, соның ішінде Абай Мырзахметов атындағы университетінің Дизайн және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Г. С. Мұғжанова және ҚР құрметті мәдениет қайраткері, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі В. П. Трофимов қатысты.

Конференцияның екінші ұйымдастырушысы Қазан мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті болды. Конференцияның бағдарламалық комитетіне техника ғылымдарының докторы, профессор В. Н. Куприянов; дизайн кафедрасының меңгерушісі, өнертану докторы, профессор С. М. Михайлов; кәсіби оқыту, педагогика және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р. С. Сафин енді.

Абай Мырзахметов атындағы Университет ұйымдастыру комитеті мен профессор А. В. Репринцевке ғылыми ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

 

image001.jpg

image002.jpg

image003.jpg

image004.jpg

image005.jpg

image006.jpg

 

Кафедра меңгерушісі,

ҚР мәдениет қайраткері,

Еуразиялық Дизайнерлер

Одағының мүшесі

Г. С. Мұғжанова