Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Конституция – Қазақстанның өркені мен өрлеуінің негізі.

А.Мырзахметов атындағы

Көкшетау университетінің

Заңтану кафедрасының

аға оқытушысы

заң ғылымдарының магистрі

Мусипова Д.М.

Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Атазаңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік.

 Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәти­же­сінде  аз ғана уақыттың ішінде  тұғыры берік, туы биік  мем­лекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция  біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды. Елбасымыз айтып өткендей, Атазаң – мемлекеттік биліктің қай­нар көзі – халықтың өзі екенін ай­қын­дады, жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

 Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды

            "Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы", деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа әділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен атар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз.

            Егемен Қазақстанда біршама қысқа мерзімнің ішінде екі Негізгі Заң тарих қойнауына кетті. Оның біріншісі бізге кеңестік кезеңнен еншімізге тисе, ал 1993 жылы қабылданған екіншісі, жасырары не, кешегі мен келешекті мәміле-лестіруге тырысқан әрекет кана еді. Оның ғұмырының қысқа болары да бесенеден белгілі еді.

 Экономика мен саясаттағы, адамдардың санасындағы түбегейлі өзгерістердің тездегені сонша, жаңа Конституция қабылдау қажеттігі айдан анық болды. Осы заманғы демократияның негіздері қалана бастаған бұдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын заңдар мен конституцияларға өзгерістер енгізе беруді онша құптай қоймаған Т.Джефферсонның өзі: "заңдар мен адам институттары адамзат парасатының ілгерілеуімен ілесе, бірге жүріп отыруға тиіс" деп жазған еді.

            Жаңа Конституцияны әзірлеу үішн отандық заң ғылымының күллі қуаты іске қосылып, коғамтанудағы сабақтас салалардың білікті маандары, білгір сарапшылар жұмысқа тартылды. Сонымен бір мезгілде басқа мемлекеттердің конституциялары нысаналы түрде сараланды. Ақыры, бүкілхалықтық референдумда өзіміз бүгін бесжылдығын атап отырған Конституция қабылданды.

            Мен бұл жерде бүгінгі қолданылып жүрген Конституцияның қандай да бір күмән туғызбайтын заңды сипатын атап көрсетуге тиіспін. Референдум қарсаңында жоба кеңінен талқыланып, оның барысында азаматтардан 30 мыңдай ұсыныстар келіп түсті.

            Мемлекет басшылық еткен арнайы құрылған сарапшылық-сабағатшылык кеңес әр ұсынысты ізерлей зерделеп, мәтінді пысықтау барысында 1100 түзету ескерілді. Азаматтардың ұсыныстарына орай Конституция жобасындағы 98 баптың 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.

            Референдумға қатысқан адамдардың 90 пайызға жуығы, ал бұл оған қатысуға құқы бар жеті миллионнан астам азамат деген сөз, жаңа Негізгі Заңымызды кабылдауды жақтады. Сайып келгенде, оның авторы күллі Қазакстан халқы деп айтуға толық негізіміз бар. Сірә, "Көптің аузы киелі" дейтін халық мақалы осыған дөп келсе керек.  

            Халық өзінің егемен құқын пайдаланып, қабылдаған Конституция қол сұғылмас қасиетке, жоғары заңдық қана емес, рухани-адамгершілік киеге ие болады, сөйтіп ол қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасына айналады.

            Конституциялық құрылыстың осынау кезеңінде біз алдымызға аса күрделі, сан қырлы, әрі барынша жауапты міндеттер қойдық. Біріншіден, жаңадан құрылған мемлекеттігімізді, мемлекеттік билік пен басқарудың күллі жүйесін жан-жақты нығайту керек еді. Екіншіден, экономикамызды түбегейлі реформалау мен оны терең дағдарыстан шығарудың қауырт проблемаларын шешу қажет болды. Үшіншіден, оған сындарлы сыртқы саясат жүргізу міндетін косыңыз. Төртіншіден, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету керек еді.       Сайып келгенде, өркениетгі әлемде азаматтардың жалпыға танылған құқықтары мен бостандықтарын орнықтыруға, демократиялық институттарды дамытуға қатысты міндеттердің бәрін шешуге тиіс болдық.

            Бүгін, өзіміз алдымызға қойған міндеттерді біз іске асыра білдік деп айтуымызға әбден болады. Бұған көбіне-көп "қатаңдар" санатына жатқызуға болатын Негізгі Заң қабылдауымыз жәрдемдесті деуім керек, бұлай атауға оған өзгерістер мен толықтыруларды оның өзі ерекше, әрі қатаң шектейтін жағдайларда ғана енгізуге ғана мүмкіндік берілетіні себеп болып отыр. Бұл сол кезде аса ділгір мәселе еді, қазірде де өзінің көкейкестілігін сақтап отыр.

                Бүгінгі күні біздің Конституциямыз бен заңдарымыз адам игілігіне жұмыс істеумен қатар, онын шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар.

1.jpg