Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

"Қорғаншылық –қамқорлық көрсету ".

20 қарашада А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Оның құрамына 9 адам кіреді.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы "Зеленстрой" ЖШС директоры Осиненко Г. В. болып табылады. Қамқоршылық кеңестің құрметті мүшесі болып Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А. Е. Мусралимова, облыс прокурорының көмекшісі Е. Е. Жүсіп, Ақмола облысы "Жолаушылар тасымалы қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Р. С. Қалишев, "Еуразиялық банк" АҚ АФ директоры Е. С. Ахметбеков, "Сбербанк" АҚ АФ директоры А. С. Махмудова, "Той Дастархан" ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Е. И. Мащинская, "Таңдау" № 5 МГ директоры Д. У. Башарова, жеке кәсіпкер - Н. Т. Азимова сайланды.

Қамқоршылық кеңес мүшелері 2019/2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітті және 2018-2021ж құрамын қайтадан бекітті, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Л. Ж. Каримова  2018-2019 оқу жылдарына арналған  оқу-әдістемелік жұмыс туралы баяндама жасады.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің материалдық-техникалық базасын дамыту туралы есепті бас есепші  Е. Р. Пономарева ұсынды.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор Б. Е. Евниев қарттар күніне арналған айлық өткізу туралы, мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар туралы, педагогикалық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету туралы айтты.

Университет бөлімшелерінің жұмысын қанағаттанарлық деп тану туралы шешімді бірауыздан қабылдай отырып, жоғары оқу орнының басшылығы мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері ең маңызды миссияны - білікті мамандарды және Қазақстан Республикасының лайықты азаматтарын даярлауды ұмытпай, одан әрі жемісті ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы айтты.

 

IMG_6840.jpgIMG_6841.jpg

IMG_6844.jpgIMG_6845.jpg

IMG_6848.jpgIMG_6851.jpg

IMG_6852.jpg

 

 Заховаева У.В.,

Қамқоршылық кеңес хатшысы