Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

ҚР Президентінің төтенше жағдайлар режимін енгізу туралы Жарлығына қатысты А.Мырзахметов атындағы КУ ректоры М. С. Елюбаевтың пікірі

Қазақстанның солтүстік өңіріндегі ірі жоғары оқу орындарының бірінің ректоры ретінде ел Президентінің мемлекетіміздің аумағында ТЖ режимін енгізу туралы шешімін толықтай қолдаймын. Бұл қадам халықтың қауіпсіздігі, Қазақстан азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жасалған деп есептеймін.

Төтенше жағдай кезінде Үкімет қабылдаған шараларды осы жағдайда ең дұрыс шешім деп санаймын. Аса маңызды мемлекеттік нысандардың қоғамдық тәртібін сақтауды күшейту, ірі сауда нысандары мен сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметін шектеу, бұқаралық ойын – сауық іс-шараларын өткізуге тыйым салу, республика аумағына кіруді және оның аумағынан шығуды шектеу, медициналық тексеруден жалтарған адамдарды бақылауға қатысты  күшейту-қауіпсіздік шаралары, олардың сақталуы -біздің өміріміз бен денсаулығымызға кепілдік береді.

Ел азаматтарын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын қолдауға және оны кедергісіз жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға шақырамын.

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, қалалық мәслихат депутаты М. С. Елюбаев