Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Құрметті достар!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Әр жыл сайын жасампаздығы мен беделі артып келе жатқан оқу ордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізді дәріптеумен асқақтай бермек. Осы орайда, Наурыз мерекесі білім жолында еңбек етіп келе жатқан қара шаңырағымыздың ұжымына жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілей отыра, Сіздерді осындай жаңару мен жылылықтың күні, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

 

А.Мырзахметов атындағы

Көкшетау университетінің ректоры

Мади Сагинтаевич Елюбаев