Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Материалдық-техникалық база

 

Білім беру үдерісін материалдық-техникалық жабдықтауда жоғары оқу орнының қол жеткізген көрсеткіштері әлеуеттің, тұрақты даму кепілдігінің сипаттамасы, білім беру сапасын қамтамасыз ету факторы болып табылады.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ресурстарын қалыптастыру ҚР білім берудің мемлекеттік стандарттарының, мемлекеттіқ қадағалау қызметтерінің (ҚНжЕ және ҚРМС) талаптарына сәйкес іске асырылады. Университеттің инфрақұрылымы оқу-зертхана корпустарынан, кітапханадан, баспаханадан, асханадан, дәрігерлік пункттерден, спорт залдарынан және басқа оқу-қосалқы үй-жайлардан тұрады. 

 

 

Университеттің инфрақұрылымы 170 оқу-зертхана кабинеттерінен тұрады, соның ішінде оқу үдерісін ұйымдастыруға осы заманғы талаптарға сәйкес жабдықталған, 42 мамандандырылған зертхана. 

Университеттің материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстары, студенттерді оқыту ортасы жоғары оқу орнының миссиясына, стратегиясына, жоғары оқу орны жүзеге асыратын, білім беру бағдарламаларына сәйкес келеді.

 

 

  

Университеттің меншік құқығында жалпы ауданы 35484,2 м2 оқу-зертханалық корпустары бар.

 

2016-2020 жылдарға арналған Университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес университеттің ақпараттық ресурстарын біріктіретін, корпоративтік желіні жаңғырту жобасы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Университетте оқытудың кредиттік технологияларының талаптарына сай келетін, ақпараттық сервистер бар:

1. Қызметшілер мен студенттерді ішкі көздерден де, ғаламтордың жахандық желісінен де оқу мен ұйымдастыру ақпаратымен авторланған тегін қамтамасыз ету.

2. Қызметшілер мен студенттерді ақпаратпен алмасу құралдарымен қамтамасыз ету (электрондық пошта, электрондық хабарландырулар тақтасы, «Электрондық университет» бағдарламасы).

3. Университет әкімшілік қызметтірінің ақпараттық кеңістігін студенттер мен қызметшілердің деректер базасынан, кафедралардың педагогикалық жүктемесін есептеу мен бөлуді бақылау жүйесінен, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша офис-регистратордың автоматтандырылған жүйесінен тұратын, электрондық құжат айналымының бірегейленген орталықтандырылған жүйесінің көмегімен ықпалдастыру.

4. Білім алушылардың дербестелген интерактивті (оқудан тыс уақытта қол жетімді) ресурстарға қолы жетімді; оқу материалдары мен тапсырмаларға қол жетімділік, оқушылардың білімдерін өзін-өзі бағалап көру мүмкіндігі, академиялық бағдарламаларды жоспарлау мен орындау үшін академиялық ақыл-кеңестер, мансаптық жолдарды таңдап алу мен қол жеткізуге көмек.

 

   Университеттің оқу-зертханалық базасының қажет мөлшердегі, осы заманғы оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған, аудиториялары бар, солардың ішінде компьютерлік және тьюторлық сыныптар, мультимедиялық ағымдық аудиториялар, мамандандырылған кабинеттер мен зертханалар, осы заманғы жабдықпен жабдықталған заманауи оқу-жаттығу полигондары, технопарк, бизнес – инкубатор, үш спорт залы. Мәселен, «Тасымалдарды ұйымдастыру мен жол көлігін пайдалану және кәсіби оқу» кафедрасының зертханаларында іс-әрекеттің негізгі бағыттары оқу үдерісін ұйымдастыру болып табылады – зертханаларда зертханалық пен тәжірибелік жұмыстар жүргізу, студенттердің оқу тәжірибесінен өтуі. Зертханалардың қажетті қызметшілер құрамы, жұмыс істеу мен дамудың ағымдағы және келешекке жоспарлары бар.

 Көліктік тапсырмаларды модельдеу және қозғалыс қауіпсіздігі зертханасында соңғы буынның бағдарламалық өнімдері орнатылған, оларды жалпы инженерлік мамандықтар бойынша ПОҚ мен студенттер пайдаланады, ең алдымен «Компас» виртуалдық бағдарламасын пайдаланумен сызу геометриясында, инженерлік графикада.

Ақпараттық жүйелер және информатика кафедрасының зертханаларында физика, электротехника және бас. бойынша виртуалдық зертханалар бар. Негізгі бағдарламалық қамтамасыз етуді Delphi, C++ 3D, Max 3D, Studio, Max FoxcPro, Corell3 және басқа бағдарламалар жасайды.

«Қоршаған ортаны қорғау сапасының мониторингі» зертханасы «Қоршаған ортаның мониторингі және геоақпараттық технологиялар», «Табиғи және ақаба суды тазартудың технологиялық жүйелері», «Әуе бассейнін ластанудан қорғау», «Табиғатты пайдаланудың экологиясы» пәндері бойынша зертханалық-тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін арналған. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін барлық қажет құралдар мен жабдықтар бар.

    «Дизайн» мамандығының студенттері үшін сурет студияларында мольберттер, гипс тұлғалар, эскиздер, муляждар,  қою материалдары, атрибуттар, суреттер  қойылған.

Іс тігу шеберханасы мен костюм бөлмесі жаңғыртылды, күрделі жөндеу жүргізілді, соңғы буынның көпфункционалды өндірістік іс машинкалары, оверлог, ерлер мен әйелдердің стандартты мүсіндері, үтіктеу үстелдері қойылды.

Лингафон кабинеттерінде «Аударма ісі», «Шет ел тілі: екі шет ел тілі» мамандықтарының студенттері үшін тілдерді оқу орталығы жемісті жұмыс істеп тұр, 6 тілде факультативтер жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, араб, қытай. Лингафон кабинеттері заманауи жиһазбен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен, лицензиялы оқыту бағдарламаларымен жабдықталған.

  Қала жоғары оқу орындарының біріншісі болып, Ақмола облысы салық комитетінің бастамашылығымен университет базасында салық зертханасы ашылды. Шынайыға барынша жақындатылған жағдайда сабақтар өткізіледі, экономикалық мамандықтардың оқушылары үшін салық комитеті берген, салықтық есептіліктің шаблондарымен және түр-пішіндерімен мамандандырылған электрондық оқыту бағдарламалары қойылған.

 Бар оқу зертханаларының базасында ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы ұйымдастырылды, ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру үдерісіне ғылымды интеграциялау үшін жағдай туғызылды: «Жасыл технологиялар», «Жаңа технологиялар», «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер», «Қылмыстық құқық, қылмыстық үрдістер, криминалистика және криминология», соның құрамынжа 7  ғылыми орталықтыр, 2 халықаралық ғылыми орталық және 22 ғылыми- зерттеу зертханалары бар.

 

  Жоғары оқу орнының іс-әрекетін талдау және өзін-өзі бағалау Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің жеткілікті мөлшерде осы заманғы техникалық оқу құралдарымен жабдықталған аудиторияларының; 29 оқу және ғылыми зертханаларының, 22 мультимедиялық дәрісханалар (2 тасымалдағыш және 4 электрон оқу залы, университетте электрондық кітапханадан алынған электрондық оқу материалдары бар, олардың саны  90 мыңнан асады. 

Корпустардағы барлық компьютерлер өткізу қабілеті 1 Гбит бірыңғай жергілікті желіге біріктірілген, сыныптар мамандандырылған заманауи жиһаздармен қамтамасыз етілген. Internet-ке шығу сыртқы телекоммуникацилық порталды өткізу қабілеті 32 Мбит/с және 6 Мбит/с, трафик шығынын шектеусіз, оқу жоспарларында және оқу үдерісінің кестесінде қарастырылған, оқу іс-әрекетінің барлық түрлері мен педагогикалық қарым-қатынас технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру үшін жеткілікті бөлінген жоғарыжылдамдықтыWI-FIжелінің көмегімен іске асырылады.

Университеттің ақпараттық желісі мен білім беру порталдарының жұмысын қуатты осы заманғы серверлерден тұратын жүйе қамтамасыз етеді:

Пәндерді терең оқу және теориялық материалды қолдану машықтығын алу үшін студенттерге осы заманғы мультимедиялық оқыту бағдарламаларын пайдалану және виртуалды зертханаларда тәжірибелер жасау мүмкіндіктері берілген. Университеттің білім беру іс-әрекетін ақпараттық қамтамасыз ету қағаз жеткізгіштердегі, электрондық сандық жеткізгіштердегі ақпараттық-кітапханалық ресурстар.

Ағымдағы сәтке баспаханалық әдіспен басып шығарылған меншікті монографиялардың, оқу құралдарының, пәндердің (бакалавриаттың, магистратураның, докторантураның) оқу-әдістемелік кешендерінің, зертханалық, тәжірибелік, студиялық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың саны 1292 пән бойынша 90772 мың дананы құрайды, соның ішінде 24,6 мың – қазақ тілінде, көрсетілген басылымдардың жалпы көлемі 254  мың баспа парақ.

Кітап қорымен қатар сандық жеткізгіште меншікті электрондық кітапхана бар, ол электрондық оқулықтардан, оқу құралдарынан, оқу-әдістемелік кешендерден, «Вестник КУАМ» ғылыми-практикалық журналының электрондық нұсқасынан (басылу кезеңділігі жылына 4 рет), журналдың электрондық нұсқасы ҒТАҰО-да, «Шұғыла- КУАМ» газетінен, сондай-ақ университет кафедраларының медиатекалары мен кітапханадарынан тұрады, олардың лицензиялы электрондық оқулықтары бар, «Тhоmson Reuters» «Scopus, Elsevier». мультимедиялық ақпараттық тұғырнамасымен шарт жасалған.

 

Білім алушылардың ресми ғаламтор-ресурс (www.adilet.gov.kz, «Заңгер» СПС) арқылы ҚР Әділет министрлігінің ресми ақпаратына жедел қол жетімділігі бар. Кітапхана қорын қалыптастыру оқыту мамандықтарына және факультеттердің тапсырыстарына сәйкес кітапхананы жинақтаудың тақырыптық-типологиялық жоспары мен жыл сайынғы шығындар сметасы негізінде іске асырылады.

Студенттер мен оқытушыларды жаңа түсімдер туралы ақпараттандыру тұрақты жүргізіледі, ай сайын кітапханалар қорына түскен «Жаңа кітаптардың ақпараттық бюллетені» жасалады, ол кафедраларға жіберіледі, кітапханалардың ақпараттық стендтерінде бейнеленеді. Жылына екі рет университет ағымдағы жылға жазып алған «Мерзімдік басылымдар бюллетені» жасалады.

Кітапхана Қазақстан мен Ресейдің баспаларымен, кітап орталықтарымен, Астана, Алматы қалаларының жоғары оқу орны баспаларымен ынтымақтаста. Қорды жинақтау қатаң түрде оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Университет кітапханасы серіктестерінің ішінде 62 отандық және ресейлік баспалар мен әралуан кітапсауда фирмалары бар, олар тұрақты түрде оқу, ғылыми және анықтамалық эдебиет жеткізіп тұрады. Олардың ішінде «Экономика», «Жеті жарғы», «Издательство ЛЕМ», «Интерпресс» «OXFORD», «Макмилан (Казахстан)», «Білім», «Бастау», «Центральный коллектор научных библиотек», «Фолиант», «Нур-пресс», Өскемен қ. «Инфотех» ЖШС сияқты танымалдар бар. Жоғары оқу орындарының баспалары: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті», «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы», «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы» және басқалар.

Университеттің электрондық оқу құралдарының ақпараттық банкін пайдалану мүмкіндігі бар: электрондық оқыту жүйелері, электрондық бақылау құралдары, оқу, оқу-әдістемелік құралдар мен дәрістердің электрондық нұсқалары және с.с.

Одан басқа, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құрамында жоғары оқу орнының кітапханаларында баспаханалық тәсілмен өзі басып шығарған және жыл сайын кезеңмен қайта басып шығарылған: барлық оқушылар үшін пәндерді меңгеруге көмектесетін, оқудың толық курсына анықтама – жолсеріктер; бақылау, курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар; тәжірибелердің; дипломдық (магистрлік) жұмыстардың (жобалардың) барлық түрлерінің бағдарламалары; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар: тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар; мультимедиялық оқу және оқу-әдістемелік құралдар және басқа материалдар.

Университеттің веб-сайтында (www.kuam.kz) университет оқытушылары мен студенттерінің арасында екіжақты байланыс қамтамасыз етіледі, жоғары оқу орны іс-әрекетінің негізгі бағыттары, миссиясы, мақсаттары мен міндеттері бойынша ресми ақпарат, факультеттердің, кафедралардың, бөлімдер мен басқа құрылымдардың жұмысы туралы ақпарат, ПОҚ жеке беттері, тұтынушылар үшін виртуалды шағым кітабы, жарияланымдар туралы ақпарат, жұртшылық пен стейкхолдерлерді ақпараттандыру мақсатында сыртқы ақпараттық желілерді пайдалану үшін сілтемелер, университет қабырғасында өтіп жатқан оқиғалар туралы ақпарат орналастырылады. Оқу-әдістемелік материалдарға барлық авторлық құқық сақталған.

Қашықтықтан білім беру бағдарламалары шеңберінде оқытуды жүзеге асыру мақсатында қашықтықтан оқыту үшін арналған, мамандандырылған АИС «Tamos» шығуға болатын парақша құрылды.Жоғары оқу орнында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар. Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында жоғары оқу орнында университеттің барлық мамандықтары бойынша электрондық оқу-әдістемелік банкі бар «Platonus» «Tamos». автоматтандырылған ақпараттық жүйесі пайдаланылады 

 

 

 

 

2013 ж. бастап жоғары оқу орнында «Тamos university suite tus 1.9 (Tamos University Suite)автоматтандырылған ақпарат жүйесі енгізілді, ол қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде кредиттік технология бойынша оқу үдерістерін автоматтандыру үшін кешенді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Автоматтандырылған бағдарлама TUS 1.9 оқытуды басқаруға кең мүмкіндіктер ұсынады және білім алушыларға, оқытушыларға, кеңсе-тіркеуші, оқу бөлімі мамандарына, жоғары оқу орны басшыларына, ата-аналарға:

- оқытудың осы заманғы технологияларын қолдану есебінен оқыту сапасын бақылауды және оқытудың барлық түрлерінде үлгерімді бақылауды қамтамасыз етуге;

- оқыту үдерістерін автоматтандыру мен тестілеу жүйесін және қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу есебінен шығындарды қысқарту мен ақпараттың шындығын жоғарылатуға;

- жоғары оқу орнының қызметшілері, студенттері және оқытушылары жөнінде талдау үшін интеграцияланған статистикалық деректер алуға;

- АСУОTUS 1.9 ұжымдық жұмыс құралы ретінде ішкі корпоративтік порталды: хаттармен жұмыс істеу (қабылдау, түскен хат-хабарды тарату;ішкі құжат айналысы;таспа жаңалықтары; хабарландырулар тақтасы; микроблогтар; инфотека (ақпараттық ресурстар);МСЖ; ішкі поштаны пайдалануға мүмкіндік береді.

ПОҚ және студенттер арасында техникалық оқу құралдарының осы заманғы талаптарға сәйкестігін анықтау тақырыбында жыл сайын мониторинг жүргізіледі. Әр құрылымдық бөлімшеден жиһаз, техникалық, ақпарат құралдарын, оқу, ғылыми, әдістемелік әдебиет, оқулықтар сатып алуға өтінімдер жиналады. Кафедралар мен факультеттерде бакалаврлар мен магистрлерді дайындаудың әр бейіні бойынша материалдық-техникалық базаны жақсартумен байланысты мәселелер талқыланады және жоғары оқу орны Ғылыми кеңесіне ұсыныстар енгізіледі. Еңбек жағдайының, жоғары оқу орнының барлық санат жұмысшылары мен студенттерін оқытудың айтарлықтай жақсарғандығы байқалады.

Жоғары оқу орны мен «Ресурстар: материалдық-техникалық және ақпараттық» стандартының жұмыс тобы жүргізген өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша он бес критерий мықты позицияға жатады, тоғызы – қанағаттанарлық