Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Патриоттық тәрбие- еліміздің болашағының маңызды бөлігі болып табылады

Патриоттық тәрбие еліміздің болашағының маңызды бөлігі болып табылады  Олардың «кішкентай Отанына» деген сүйіспеншілігінен, отансүйгіштік сезімдерінен, жетілу жолында бірнеше кезеңнен өтіп, жалпыұлттық патриоттық сезімге, Отанына деген  саналы махаббатына дейін өседі.  

23 қазан күні инженерлік-экология факультетінің бірінші курс студенттері Көкшетау университетінде патриоттық тәрбие беру мектебінің мүшелерімен кездесті. Қонақтарды ИЭФ деканы А.А.Темербекова мен студенттер қарсы алды.   Қонақтар университет кітапханасының қызметкерлері дайындаған  «Патриоттық тәрбие - патриотизмнің кілті» кітап көрмесімен танысты. Студенттер К.К.Әбуевтің  шығармаларымен: «Көкшетау» тарихи эсселері, «Науан хазірет», «Шоқан Уәлиханов және оның замандастары»; И.Т. Тасқараның  «Тербеген ән-жыр-әмірім» атты еңбектерімен танысты.

  Біздің қонақтарымыз болған: : Әбуев  Қадыржан  Қабиденұлы –  тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қр тарих және қоғамдық ғылымдар  Академиясының академигі, жазушы,   «Абылай замандастары мен оның тұқымы», «Ш.Уәлиханов  және оның замандастары» кітаптарының авторлары; Тасқара  Иран Тасқараұлы - ақын,  жыршы, халық  композиторы, «Жаңа ғасырға жаңа әндер» атты республикалық ақындар айтысының  дипломанты,   «Батаменен ел көгерер» республикалық байқауының сыйақы  игері; Толеғұл  Ғосман  Толеғұлұлы -  жазушы, аудармашы, журналист,  қазіргі таңда Ақмола облысының соғыс және еңбек ардагерлері кеңесін басқарады, оның есімі ҚР мемлекеттік қызметі марапаттау кітабына енгізілген. 

    Иран Тасқараұлы домбырада қазақ күйлерін орындады және студенттерге өзінің әндері мен өлеңдерін жазуға шабыттандырғаны туралы сұрағанда, ол «Ақан сері», «Біржан сал» және «Үкілі Ыбырай» шығармаларын әрдайым жақсы көріп, оларды концерттер мен тойларда  орындайтынын айтты. Біздің жерлес-ақындарымыз  оның шығармашылығына зор ықпал етті.

Қадыржан Қабиденұлы студенттермен әңгімесінде Абылай хан туралы әңгімелеп, студенттерге туған жерінің тарихына қызығушылық танытуды ұсынды.

         2004 жылдан бастап Ғосман Толеғұлұлы  Ақмола облысындағы тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды, сол себепті ол латын әліпбиіне көшу, жастарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажеттігі туралы айтып берді және қазіргі заманғы жастардың қандай мақсаттарды қалай шешу керек екендігін түбегейлі  түсіндірді.

Кездесу студенттер үшін танымдылыққа мол болды және менің ойымша, келген адамдардың барлығын үлкен әсер қалдырды

1.jpg