Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Педагогикалық мамандық студенттерінің жұмыс берушілермен кездесуі

2018 жылғы 5 желтоқсан күні А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде  «Педагогиканың жалпы негіздері» атты сабаққа  жұмыс беруші, НЗМ  өкілі-  Ткаченко Татьяна Анатольевна  шақырылған болатын.  Бұл «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде үлкен тәжірибесі бар педагог болып табылады.  Татьяна Анатольевна  «Қазақстан Республикасындағы орта білімді жаңарту аясында критериалдық  бағалау  жүйесі» тақырыбында «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру», «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының студенттерінің алдында баяндама жасады.  Өз сөзінде ол мұғалімнің кәсіби өсуінің мүмкіндіктері дербес  өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеудің барлық дағдысы бойынша біліктілік деңгейіне байланысты екенін атап өтті: психологиялық-педагогикалық ақпаратты іздеу, түсіну және өңдеу; қазіргі заманғы білім беру теориясында әртүрлі позициялар мен тәсілдерді сыни талдау; дербес және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; әртүрлі кәсіби тапсырмаларды жедел, тиімді және шығармашылық тұрғыдан  шешу; педагогикалық қызметтің нәтижелерін түсіну және оны жетілдіру мүмкіндіктері; білім беру үдерісінің үнемі өзгеретін жағдайларын ескере отырып, кәсіби мінез-құлықты икемді қайта құру; қолданыстағы жұмыс тәжірибесіне жаңа ақпаратты енгізу; қоғамның және кәсіптің заманауи талаптарына жылдам жауап беру және т.б. отандық білім берудің заманауи талаптары Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, басқарудың құзыреттілігі бар кәсіби кадрларды даярлау қажеттілігі мен  жоғары технологиялық индустрия және инновациялық нарықты дамытуға бейімделген және шығармашылық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы  мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін әртүрлі кустар есебінен, ең алдымен, мектепке ғана емес, педагогикалық білім беру жүйесіне де жаңа әлеуметтік талаптар қойып, мемлекеттік мекемелер тарапынан жүргізілетін түрлі курстар арқылы біліктілігін арттырады.  Дамыған қоғамға  қазіргі заманға сай білімді, бастамашыл және тәуелсіз, серіктестікке қабілетті және оңтайлылығымен ерекшеленетін  адамдар керек, олар кез- келген әрекеттің салдарын болжап, таңдау жағдаяты туындаған кезде дербес  жауапты шешімдер қабылдай алатын болуы қажет.  

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы келешек ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік жетістіктердің басты факторы «Халықтың өзі, ерік-жігері, энергиясы, табандылығы, білімі» болып табылады, ал  ХХІ ғасырда қоғамның дамуының негізгі қағидаты- ұлттың бәсекеге қабілетті болуы, ең алдымен, білім деңгейінің жоғары болуы.  

Сондықтан, елдегі мемлекеттік білім беру саясатының басым бағыттарының бірі - балаларды және жастарды қолдау мен дамытуға бағаланатын инновациялық, бейімделген, құзыретті және кәсіптік- бағдарланған білім беру жүйесі болып табылады, мемлекетті, экономиканы, ғылым мен мәдениетті  басқаруда маңызы орындардарды алуға қабілетті мемлекеттің негізгі зияткерлік және шығармашылық әлеуеті болып табылады.

Мұғалімдердің кәсіби деңгейі, арнайы құрылған білім беру ортасы оқыту мен білімнің арнайы моделін құру үшін негіз болып табылатын құзыретті бағдарланған мектепке  көшу балалар үшін мазмұнды жаңартуды, әдістерді таңдауды және оқу үдерісінің технологиясын жетілдіруді талап етеді. Осылайша, жоғары білімді жастар үшін заманауи мансаптық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін өмір әлеуетін кеңейту және жүзеге асыру үшін икемді құрал ретінде білімге баса назар аударылады.  Білім, әлеуметтік прогресс  және елдің болашағы бір-бірімен тығыз байланысты.  Білім беру жүйесі - әрбір адамның мүддесін, бүкіл қоғамның мүддесін қозғайтын адам қызметінің ерекше саласы болып табылады.  Жас ұрпақты мақсатты түрде дамыту және тәрбиелеу арқылы білім беру жүйесі жаңа әлеуметтік қатынастарды, қазақстандықтардың жаңа өмір салтын дайындайды.

Ғылыми және технологиялық прогресс кезеңінде адамның кәсіптік даярлығы мен ғылыми дүниетанымның рөлі артып келеді. Адам өмірінің барлық салалары үшін материалдық, мәдени, әлеуметтік-саяси, білім беру, мәдениет және азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді.  Кешенді мектеп осы мәселені толығымен шешпегендіктен, Қазақстанда дарынды балаларға арналған зиялы  мектептер желісін қамтитын Назарбаев зияткерлік мектептері ( бұдан әрі-НЗМ АББҰ),  арнайы инфрақұрылымдар салынып жатыр, білім беру бағдарламаларының орталығы, білім беру ресурстарының орталығы, педагогикалық шеберлік орталықтары, педагогикалық өлшемдер орталығы және басқалар сияқты филиалдар жұмыс жасап жатыр, халықаралық білім беру стандарттарына сай болатын,  оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйелері жасалады.

1 (1).jpeg

1 (2).jpeg

1 (3).jpeg

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

 «Әлеуметтік-педагогикалық пәндер

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Н.В.Иванкова