Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

STARTUP ACADEMY «JASISKER» КОВОРКИНГ-ОРТАЛЫҒЫ

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ректор М.С. Елюбаевтың бастамасы және қолдауымен StartUp Academy «JASISKER» коворкинг-орталығы ашылды.

Коворкинг-орталық (ағылш. co-working-бірлесіп жұмыс істейтіндер) – бұл әр түрлі кәсіптермен бір жерде жұмыс істеу форматы. Қатысушылар тәуелсіз және еркін бола отырып, өз қызметі үшін ортақ кеңістікті пайдаланады.

Университет қабырғасында аталған орталықты құру мен ашудың басты мақсаты – жастар кәсіпкерлігі, студенттердің бастамалары, студенттердің стартап-идеялары мен жастардың өзін-өзі іске асырудағы оқушылардың әлеуетін жасау мен дамытуға ішкі ынталандыру болып табылады.

Университет ректоры М. С. Елубаев студенттер үшін арнайы құрылған коворкинг прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, білім культі, ұлттық бірегейлікті сақтау сияқты бағдарламалардың негізгі принциптеріне қол жеткізу бойынша жаңа идеялар мен жобалар әзірленетін орталық болатынын атап өтті. Ең ақылды, шығармашыл және белсенді студенттер өз қызметін біздің еліміздің игілігі үшін бағыттап, әлеуетін жүзеге асыра алады.

А. Мырзахметов атындағы КУ коворкинг-орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бизнес-тренингтер, мастер-класстар және тәжірибе алмасу мақсатында бизнесмендермен кездесу өткізу жоспарлануда.

Осы кездесулердің бірі «Атамекен» ҰКП директоры Нахипбеков Тимур Арсеновичпен өткізілді. Біздің студенттер мен оқытушылар «Атамекен» ҰКП өкілдеріне ұнап, оң нәтиже көрсеткен алғашқы жобаларын ұсынды.

Т. А. Нахипбеков өз сөзінде: «Бүгінгі жастар жігерлі, мақсатты, ақылды, іскерлік және еңбекқор. Әр адам – ұлы істерге қабілетті тұлға. Мемлекеттік қолдаудың арқасында сізде батыл идеяларды мәлімдеудің көптеген мүмкіндіктері бар».

Біз бастамашыл, шығармашыл студенттерді біздің қатарымызға қосылуға шақырамыз!

Сізді біздің бас ғимараттың 307 кабинетінде көруге қуанышты боламыз.

1 (1).jpg

1 (2).jpg

1 (3).jpg

1 (4).jpg

1 (5).jpg

1 (6).jpg

1 (7).jpg

С. С. Кайниден,

                                                                 ҒЖ және ХБ проректорының

StartUp Academy «JASISKER»

коворкинг-орталық бойынша көмекшісі