Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

 

/sites/default/files/korrupciya.docx

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  

Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінің

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінің (бұдан әрі - Университет)қызметінің барлық салаларындағы тыйымдардың, шектеулердің және рұқсаттардың жүйесін құрайды.

1.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – Университеттің, оның қызметкерлері мен басшылық құрамының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті  арттыру болып табылады.

1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

- Университет әкімшілігінің, профессорлық-оқытушылық құрамының және қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін іске асырған кезінде тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлығын және жауапкершілігін  қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың келеңсіз салдарының алдын алу;

- Университет қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

- Университет қызметінің тиімділігін арттыру.

1.4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы және орындалуы:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Университеттің қызметінде азаматтардың, Университеттің және оның қызметкерлерінің функцияларын  және құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге  асырғанда  қолданылады.

- Университеттің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты орындауға міндетті.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуына Университеттің әрбір қызметкеріне жеке жауапкершілік жүктеледі.

1.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың өзгертілуі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2- тармағына сәйкес іске асырылады.

1.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Университет қызметкерлерінің белгіленген ережелердің мүлтіксіз сақталуына және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған іс-қимылдары мен шешімдерін анықтайды.

1.7. Университет қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты сақтауын бақылауды Университеттің және факультеттердің Әдеп жөніндегі  комиссиялары  іске асырады.

1.8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші: Заң  кафедрасы  мен  тәрбие  бөлімінің  меңгерушілері .

 

2. Университет қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері

Тыйымдар, шектеулер  және  рұқсаттар:

2.1. Университет пен оның қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін  іске асырған  кезде:

2.1.1. өздерінің қызметтік өкілеттіктерін іске асырған кезде өз міндеттерін орындауына байланысты ешбір материалдық игіліктерді, қызметтерді және басқа  артықшылықтарды  қабылдамау;

2.1.2. мүдделер қақтығысына жол бермеу, орын алған жағдайда оларды заңнамаға сәйкес  жою  бойынша  шараларды  қолдану;

2.1.3. білім беру және басқа қызметтерді іске асыру барысында өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда түсіру мақсатында қызмет  бабын  пайдаланбау;

2.1.4. Университеттің іскерлік беделін ардақтау,Университеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келетін немесе нұқсан келтіретін әрекеттен аулақ болу, оның абыройы мен беделін түсіруге бағытталған кез-келген әрекетті болдырмау;   

2.1.5. Университет қызметкерлерінің жеке деректері туралы мәліметтерді басқа тұлғаларға негізсіз беруге жол  бермеу;

2.1.6. қызметкерлердің қызметтік саты бойынша жылжуын меритократия принциптерін сақтай отырып және конкурстық негізде, білімі, біліктілігі, тәжірибесі, өнімділігі мен тиімділігі тәрізді факторларды есепке ала отырып қамтамасыз  ету;

2.1.7. ғалымдардың өздерінің бірегей идеяларынан, жаңалықтары мен өнер табыстарынан, сонымен қатар, оларды жүзеге асырудан түскен кірістен пайда табу құқықтары  нормативтік  құжаттармен  қорғалуы  тиіс;

2.1.8. Университет қызметкерлерінің ғылым мен білім берудің және технологияның  даму  жолдарын  анықтауға  белсенді  қатысуы;

2.2. Білім беру,  ғылыми және басқа қызметтерді ұсыну кезінде туындайтын басқа  қатынастар  болған  жағдайда:

2.2.1. ҚР Конституциясының, ҚР Еңбек кодексінің, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңдарының, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа  заңдарының  талаптарын  мүлтіксіз  сақтау;

2.2.2. Қазақстан Республикасының заңдарымен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделетін теріс қылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтарға  жол  бермеу;

2.2.3. ресми және өзге де ресми жариялануға жатпайтын  ақпаратты  мүліктік  және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында пайдаланбау;

2.2.4. өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында іскерлік этикетті  және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау. Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университетінің  оқытушысы  мен қызметкерлерінің  . Корпоративтік мәдениет кодексінің, Университеттің Жарғысы мен  Ішкі тәртіп ережелерінің, Университеттің басқа нормативтік құқықтық актілерінің  нормаларын мүлтіксіз орындау.

 

3. Университет қызметкерлерінің басқарушылық және басқа шешімдерді өз құзіреттері шегінде қабылдау барысындағы міндеттері

3.1. Тікелей басшысына мүдделер қақтығысының, лауазымдық міндеттерді орындау барысында жеке  қызығушылықтардың туындауы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа және сыйлықтар алуға бейімділік  туралы хабарлау;

3.2. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде жеке және пайда күнемдік мүдделерді  басшылыққа  алмау.

3.3. Әріптестерге және басшыларға қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін  болатын  заңсыз  өтінішпен  жүгінуден  бас  тарту;

3.4. Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға бағыттамау  және  ынталандырмау;

3.5. Әріптестерге, басшыларға және басқа лауазымды тұлғаларға сыйлық бермеу және қызметтік өкілеттіктерді пайдаланып мүліктік пайда, игілік немесе  артықшылықты  алу  үшін  қызметтік  емес қызметтерді  көрсетпеу;

3.6. Қызметтік өкілеттіктерін атқаруға байланысты сыйлықтарды қабылдамау;

3.7. Қызметтік және таратуға жатпайтын басқа ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында  пайдаланбау;

3.8. Егер жақын туыстық қатынастарда тұратын адамдарға (ата-аналар, ерлі-зайыптылар, аға-інілер, апа-қарындастар, балалар)тікелей бағынуға немесе бақылауға байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тарту;

3.9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашу барысында белсенділік көрсету,

3.10. Жемқорлықтың белгілі болған фактілері туралы, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарастыру үшін қандай да бір пайда алуға тарту немесе  созбайға  салу  туралы  басшылыққа  дереу  хабарлау;

3.11. Орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына қатысты күмәнденуі  туралы тікелей басшыға жазбаша түрде дереу хабарлау;

3.12. Егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;

3.13. Жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтау және әріптестерден соны талап ету;

3.14. Орын алуы мүмкін мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын және олардың салдарын  жою  бойынша  шараларды  тұрақты  негізде  қолдану;

3.15. Үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсынудан немеселоббилеуден, сондай-ақ, олардың атынан әрекеттер жасауданбас тарту;

3.16. Қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында әріптестер мен студенттердің іс-әрекетіне ықпал ету үшін  қызмет бабын пайдаланбау;

3.17. Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мәжбүрлемеу;

3.18. Қарамағындағы қызметкерлердің және басқа лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу;

3.19. Әріптестердің арасында өздерінің лаазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақытылы қолдану;

3.20. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлі шараларды қолдану;

3.21. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (соның ішінде қарамағындағы қызметкерлермен) жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою;

3.22. Қол астындағы қызметкерлер мен оқушыларды  қызметтен тыс немесе жеке тапсырмаларды орындату үшін пайдалануға жол бермеу.

 

4. Ғылыми-білім беру және басқа қызметтерді ұсыну бойынша Университет қызметкерлеріне ұсынымдар

4.1. Тұрақты негізде білім беру, ғылыми және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапасын арттыру және «университет-мұғалім-студент» өзара әрекеттесу жүйесіндегі бюрократтық кедергілерді болдырмау жөніндегі шараларды қолдану.

4.2. Кәсіби білікті маман ретінде білімін жетілдіруге, озық нәтижелерге жету мақсатында  отандық  және  шетелдік  тәжірибелерді  білу, қолдану;

4.3. Өзінің кәсіби және адамгершілік мінез-құлқымен айналасындағы адамдарға  үлгі  болу;

4.4. Университеттің озық дәстүрлері мен тарихын білуге, құрметтеуге, сондай-ақ  ұстаздық  еңбегімен  оқушыларға  үлгі  болу;

4.5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктерін студенттерге қатысты теріс пайдаланбау, студенттерге қатысты біржақты қарым-қатынасқа және олардың  білімін  бағалауда  субъективизмге  жол  бермеу;

4.6. Әріптестер мен оқушылардың ар-намысына нұқсан келтірмеу, былапыт сөйлемеу, әдепсіздік пен менмендіккөрсетпеу;

4.7. Университет әкімшілігінің шешімдері мен оның бөлімшелерінің қызметі жайлы жалған ақпаратты таратпау;

4.8. Оқушылардан сыйлықтар мен ақшалай сыйақы алмау;

4.9. Плагиат және басқа академиялық бұзушылық фактілеріне жол бермеу;

4.10. Өзінің қызмттік міндеттерін атқару барысында жоғары мәдениетті, жауапкершілікті, адалдықты, академиялық адалдықты және объективтілікті көрсету, әріптестерімен және студенттермен қарым-қатынаста өзара құрмет, сыпайылық, ізгілік қағидаттарын басшылыққа алу;

 

5.Университеттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға қатысты

мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар

5.1. Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау.

5.2. Мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiне қатысуға әлеуеттi өнiм берушiлерге заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, тең мүмкiндiктер беру.

5.3. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес әлеуетті өнiм берушiлер арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету

5.4. Мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы.

5.5. Жемқорлық көріністерін болдырмау

5.6. Осы әлеуетті өнім берушінің және / немесе әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының жақын туыстарына, жұбайларына немесе туыстарына, өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға немесе тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері болып табылатын  тұлғаларғамемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат бермеу;

 5.7. Орындаушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және  Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол қатыстырып отырған қосалқы мердігердің қатысуына жол бермеу.

 

6. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздік атмосферасын қалыптастыру –қандай да болмасын әділетсіздікке қарсы тұру қажеттілігі туралы университет қауымдастығының барлық мүшелерінің сенімін арттыру жөніндегі қызметі. Университеттің қызметі жалпы білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралардың жиынтығы арқылы жүзеге асырылады, олар мыналарды қамтиды:

6.1. Университет қызметінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді технологиялар мен механизмдерді енгізу;

6.2. Профессор-оқытушы құрамның және қызметкерлердің Корпоративтік мәдениет кодексін, Студенттің ар-намыс кодексін, Абай Мырзахметов  атындағы КУАМ  оқытушысы туралы ережені және студенті туралы ережені енгізу;

6.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты және қоғамныңсыбайлас жемқорлықтың қаупін түсінуін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін университет қауымдастығы мүшелері арасында мақсатты жұмыс жүргізу;

6.4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесіне әлеуметтік әріптестік негізінде студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді тарту;

6.5. Студенттiк ортада  патриотизмге және белсендi азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге бағытталған мақсатты бағдарламаларды енгiзу;

6.6. «Университет жемқорлықтан тыс», «Оқытушы студенттердің көзімен», «Оқытушы әріптестердің көзімен», «Студенттердің қанағаттануын бағалау», «Таза сессия», «Өз куамыңды қолда» жаппай әлеуметтік сауалнамалар жүргізу арқылы жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;

6.7. КУАМ -ның интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бағытталған  құқықтық ақпаратқа халықтың кеңінен қолжетімділігін  қамтамасыз ету.

6.8. Басқа  мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтіңөкілдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды әзірлей отырып,кездесулер ұйымдастыру.