Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті

Есть вопросы? Жалобы? Пожелания?

Звоните
25-42-59
Ректорға сұрақ қою

«Ұстаздық еткен жалықпас»

Арман қуып осы Көкшетау өңіріндегі киелі Абай Мырзахметов атындағы жоғары оқу орнына түсіп, қазіргі таңда 2 курс студенті атанып, шет тілдері мамандығына оқып, болашақта білімізді одан әрі шыңдап, тіл меңгеріп жатқан жайымыз бар. Білім нәрімен сусындатып алғаш аттаған табалдырығымыз, құшағын кең ашқан білім ордасында бүгінде оқып жатқанымызды, қайран қайталанбас студенттік шағымызды, ғажапқа толы күндерімізбен бөлісуді жөн көрдік.

Бала күндерімізде біріміз – әнші болуды қаласақ, ал енді екіншімізде әдебиетке деген құштарлық пайда болды, бірақ есейе келе талғам өзгеретіні шындық екен. Осының бәрін қоя тұрып, бір сәт ұстаз бейнесі көз алдымызға келгенде қиял -армандарымыз түгелдей басқа қырынан көрінгендей.

Тіл үйрену мақсатында көп дүниені түсініп қана қоймай, сонымен қатар өміріңе жол сілтер шамшырағың аяулы ұстазыңның берген тәлім - тәрбиесін бойға дарытып, өзіңді талаптандырар сенімділік, ұлағатты ұстазыңның әр сөзін жерге тастамау деген сияқты сансыз ойыңды қанаттандырар қасиеттер сенің қиялыңда жүрген арманыңның орындалуына жетелейді.

Әрине бастапқы сәтте қиын болғанын жасырмаймыз, өйткені ол әр студенттің басынан өтетін кезең. Бәрінен де бізге басқа пәндерге қарағанда , неміс тілін оқып -меңгеру қиынырақ болды. Бірақ ұстазымыздың шеберлігі, біліктілігі, кәсібилігі бұл қиын тілдің өзін өз дәрежесінде оқуға көп еңбегін сіңірді десек артық айтпаспыз. Тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам­ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі, сонымен қатар қаталдығын, нәзіктігін қатар алып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі -Айгүл Әлкенқызы Мұхамедина.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Сондықтан дүниедегі айтылған мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық деп есептеймін.

 

ИЯ-21 тобының студенті

Диқанбаева Гүлдана Қайратқызы