Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Жақсы кітап – жан азығы облыстық сайыс

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Бағдарламалық мақаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Тәрбие және білім»  шағын бағдарламасы, «Кітап – білім бұлағы» шағын жобасында анықталған тапсырмаларды орындау мақсатында «Жақсы кітап – жан азығы»  сайысы ұйымдастырылды және өткізілді.

2018 жылдың 4-ші сәуірінде АМКУ кітапханасында «Оқитын ЖОО» ұстанымы бойынша сайыс өткізілді. Жеңімпаз екі командасы: «СМИ» және «Феникс».

Облыстық кезең 2018 жылдың 16 мамырында Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінде өтті. АМКУ-дан «СМИ» командасы сайысқа қатысты. Оның құрамына «ПиП-32» тобының студенттері: Грицай Ирина Викторовна мен Жаксыбаева Салтанат Баурановна кірді. Команданың  жетекшісі – ӘПП кафедрасының оқытушысы Алхатова Толқын Сериковна.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:

1. «Тесттер» – қатысушылар көркем шығармалар бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

2. «ЖОО-ның сүйікті кітабы» - презентация түрінде Паул Экманның «Узнай лжеца» атты кітабы ұсынылды.

3. «Оқитын ЖОО» - «Тәрбие және білім» атты көрме стенд-баннері, «Ұлы дала жастары» шағын жобасы қорғалды.

Сайыстың қорытындысы бойынша АМКУ командасы 2-орын алып, дипломмен, ақшалай сертификатпен марапатталды.

 

АМКУ кітапханасы

24.05.18_1_1.jpg 24.05.18_2.jpg
24.05.18_3.jpg 24.05.18_4.jpg
24.05.18_5.jpg 24.05.18_7.jpg
24.05.18_8.jpg 24.05.18_13.jpg
24.05.18_9.jpg 24.05.18_10.jpg
24.05.18_11.jpg 24.05.18_12.jpg