Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Жаңа форматтағы олимпиаданың жеңімпаздары

15.05.2010 ж., сағат 10: 00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  есеп және басқару кафедрасындағы  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының «Монополистер» командасы мамандандырылған XII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. 
Біздің еліміздегі қазіргі төтенше жағдайға байланысты екінші кезеңнің тәртібі өзгертілді.  Осындай іс-шара алғаш рет онлайн режимінде, ZOOM платформасында,  өтті. Бұл олимпиаданы Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті өткізді.
Олимпиаданың екінші кезеңі келесі айналымдарды қамтыды: 1) «Үй жұмысы», олимпиада басталардан бір күн бұрын жіберілді. Қорғау онлайн режимінде жүргізілді; 2) «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Мемлекеттік басқару теориясы» және «Аймақтық экономика және басқару» пәндері бойынша тестілік тапсырмаларды онлайн режимінде шешу; 3) Көшбасшылардың (команда капитандарының) онлайн режиміндегі  сайысы.
Олимпиадаға біздің университеттен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс студенттері қатысты:  Қайролла  Шыңғыс,  Хасенов Жаслан, Кайниден Серик.  Ұран сөзі:  «ЖҰМЫС ІСТЕ ТОСЫЛМАЙ БІЗДІҢ ҰРАН ОСЫНДАЙ»
Жарыстың қорытындысы бойынша біздің команда құрметті 2 орынға ие болды,  сонымен қатар «Тұран» университетінің, «Тұран-Астана» университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, «Нархоз» университетінің, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттерінің алдын орап кетті.
Жеке біріншілікте тестілеу нәтижесі бойынша біздің білім алушы Хасенов Жаслан 3 орынға ие болды.
А.Мырзахметов атындағы КУ «Монополистер»  командасын Қайролла Шыңғыс басқарды. Ол олимпиаданың екінші айналымында үй тапсырмасын қорғады, сонымен қатар көшбасшылар сайысына қатысып, екінші орын алды.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша студенттерімізді ХІІ Республикалық пәндік олимпиадаға дайындағаны үшін «Есеп және басқару» кафедрасының оқытушыларына алғыс айтамыз және жеңісімен құттықтаймыз.

1 (1).png1 (2).png

1 (3).png1 (4).png

1 (5).png1 (6).png

1 (7).png1 (8).png

1 (9).png

 

Ткачев А.В.,
 есеп және басқару 
кафедрасының аға оқытушысы