Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Сұрақтарыңыз бар ма?

Шағымдарыңыз ше? Тілектеріңіз ше?

Телефон

шалыңыздар!

25-42-59
Ректорға сұрақ қою

Онлайн оқуға түсу   

Жастар форумы

2019 жылы 12 қыркүйекте А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Қазақ тілі - еліміздің мәңгілік байлығы" атты жастар форумы өтті.

Оған Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары С. М. Кенжебаев, "Жас Ұлан" Ақмола облыстық қоғамдық ұйымының төрайымы М. М. Есекеева, "Рухани жаңғыру" жобалық жоспарының жетекшісі К. Н. Сейтқазин, " А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті М. Пираева, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ студенті Б. Әбсадық, М. Ғабдуллин атындағы мұражай қызметкері Ү.Табысбек қатысты.

Сөз сөйлеушілер ешкімді бей-жай қалдырмаған мемлекеттік тілді үйрену мәселелерін көтерді. Ұрпақтар арасындағы қызықты диалог өтіп, онда мәселенің мәні жан-жақты талқыланды. Жас ұрпақ ересектердің пікіріне құлақ асса, ал үлкендер – жастардың көзқарасын білді. Форум оптимистік нотамен аяқталды: ел өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тілді меңгеру және енгізуге әлі де  уақыты бар, бірақ ол шексіз емес екендігін айтып өтті.

 

IMG_8552.jpgIMG_8590.jpg

IMG_8627.jpgIMG_8666.jpg

IMG_8679.jpg

 

А. Мырзахметов атындағы КУ баспасөз қызметі.