Кокшетауский университет имени Абая Мырзахметова

Есть вопросы? Жалобы?

Пожелания?

Звоните
25-42-59
Вопрос Ректору

Жаңа формация мұғалімі – болашақ мамандар қолында!

Ағымдағы жылдың сәуір айының 11 күні Абай Мырзахметов атындағы атындағы Көкшетау университетінің қабырғасында – «Білім беру парадигмасының өзгерісінде жаңа формация мұғалімін дайындау» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бұл шараны Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің Әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор – Сеңкібаев Сабыр Талиұлы ұйымдастырды. Отырысқа Әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі – Иванкова Т.В., оқытушы магистранттар мен БОПжӘ-21 тобы мен ПжП-41 тобының белсенді студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Сеңкібаев Сабыр Талиұлы тақырыпты ашып, студенттермен, магистрант оқытушылармен ашық әңгіме жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ПжП-41 тобының студенттері Индиульмесова А.Ж. мен Нұрбек Б.Қ. «Жаһандану үрдісіндегі жаңа формация мұғалімі» атты өз жобаларын ортаға салып, талқыға салды. Бұл отырыстың ең маңызды тұсы – еркін түрде өтті. Қатысқан магистрант оқытушылар мен студенттер түрлі сұрақтар қойып, жауап ала алды. Сонымен қатар, Сеңкібаев Сабыр Талиұлының еңбектері қатысушыларға таныстырылып, көрсетілді. Маңызды қарастырылған сұрақтарға, отырыс соңында, Әлеуметтік-педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Иванкова Т.В. сөзін айтып кетуге болады: «Қазір заман талабы – басқа. Сол себепті, бүгінгі тақырып ерекше маңызды деп ойлаймын. Сіздер, болашақ ұстаз ретінде, болашақты бүгіннен бастауларыңыз қажет. Заман талаптарына сай икемделіп, теория жүзінде алған білімдеріңізді, іс-тәжірибе жүзінде де дәлелдеулеріңіз – біз үшін өте маңызды. «Жаңа формация мұғалімі» талаптарына сай барлық қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, еліміздің болашағы үшін адал да, сапалы қызмет етеді деген сенімдеміз».

 

Пікір жазған: ПжП-41 тобының студенттері: Индиульмесова А.Ж.

Нұрбек Б.Қ.